Сайтта сатып алынған билеттерді қайтару ережелері (МАҢЫЗДЫ)
Теміржол билеті интернет-сайт арқылы сатып алынған болса, касса арқылы қалай қайтаруға болады?
Сырттағы т/ж кассалары арқылы ақшаңызды қайтарғыңыз келсе, онда т/ж кассасы орынды ғана қайтаратынын ескерткіміз келеді, ал ақшаны орынды қайтару тәртібіне байланысты тек Интернет сайтында (ЖШС атауы) немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ қайтарады.
1-нұсқа. Пойыздың бастапқы станциядан жөнелтілуіне 1 сағаттан астам уақыт қалғанда сапардан бас тарту (бастапқы станция — пойызды қалыптастыру станциясы).
Қайтару орны – «Экспресс-3» АБЖ немесе Жаңартылған фискалдық билет және касса кешенінің (ЖФБКК) немесе фискалдық билет және касса кешенінің (ФБКК) терминалдық жабдығымен жабдықталған Қазақстандағы кез келген темір жол кассасы.
Орын мен ақшаны қайтару:
- кассир орынды қайтарады. Оның әрекетінің нәтижесі жолаушыға берілген қайтару құжаты болып табылады. Бүгінгі күнде орынды қайтарудың келесі құжаттары бар: әр түрлі төлем түбіртегі (ӘТТ), электронды растайтын құжат (ЭРҚ), электронды әр түрлі төлем түбіртегі (ЭӘТТ).
- жолаушы орынды қайтару үшін алынған құжатты интернет-сайтқа (ЖШС атауы) келесідей ұсынуы керек: оны (WhatsApp арқылы, пошта арқылы және т.б.) жіберу керек.
- Орынды қайтару үшін келіп түскен құжатты веб-сайттың жауапты өкілдері Тәуекел комиссиясы қарауына жібереді, қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Орынды қайтару құжаты оң қаралған жағдайда, ақша жолаушыға қайтарылады. Құжат теріс қаралған жағдайда жолаушы дәлелді бас тарту алады.
2-нұсқа. Пойыздың бастапқы станциядан жөнелтілуіне 1 сағаттан аз уақыт қалғанда сапардан бас тарту (бастапқы станция — пойызды қалыптастыру станциясы).
Қайтару орны – жолаушыларды жөнелту станциясында орналасқан және «Экспресс-3» АБЖ терминалдық жабдығымен немесе Жаңартылған фискалдық билет және касса кешенінің (ЖФБКК) терминалдық жабдығымен жабдықталған кез келген темір жол кассасы.
Орын мен ақшаны жылдам қайтару:
- кассир орынды қайтарады. Оның әрекетінің нәтижесі, жолаушыға «шағым бойынша» белгісімен берілген қайтару құжаты болып табылады. Бүгінгі күнде орынды қайтарудың келесі құжаттары бар: әр түрлі төлем түбіртегі (ӘТТ), электронды растайтын құжат (ЭРҚ), электронды әр түрлі төлем түбіртегі (ЭӘТТ).
- Содан кейін жол жүру құжатында көрсетілген жолаушылар стансасынан пойыз жөнелтілген сәттен бастап, 30 минут-24 сағат ішінде «орынды қайтару» операциясын аяқтау үшін, кассирге қайта өтініш жасаңыз.
- Жолаушы кассирге «шағым бойынша» белгісі бар қайтару құжатын ұсынады. Өз кезегінде кассир оған «ақпарат: төлеушінің картасына қайтару» деген жазуы бар жаңартылған қайтару құжатын береді.
- Жолаушы орынды қайтару үшін алынған құжатты интернет-сайтқа (ЖШС атауы) келесідей ұсынуы керек: оны (WhatsApp арқылы, пошта арқылы және т.б.) жіберу керек.
- Орынды қайтару үшін келіп түскен құжатты веб-сайттың жауапты өкілдері Тәуекел комиссиясы қарауына жібереді, қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Орынды қайтару құжаты оң қаралған жағдайда, ақша жолаушыға қайтарылады. Құжат теріс қаралған жағдайда жолаушы дәлелді бас тарту алады.
Орын мен ақшаны белгіленген тәртіпте қайтару:
- кассир орынды қайтарады. Оның әрекетінің нәтижесі, жолаушыға «шағым бойынша» белгісімен берілген қайтару құжаты болып табылады. Бүгінгі күнде орынды қайтарудың келесі құжаттары бар: әр түрлі төлем түбіртегі (ӘТТ), электронды растайтын құжат (ЭРҚ), электронды әр түрлі төлем түбіртегі (ЭӘТТ).
- Жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ қаржы жөніндегі вице-президентінің атына белгіленген үлгіде өтініш жазуы керек. Жолаушы өтінішті қатысты құжаттарымен бірге «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға жібереді.
- Ақшаны қайтару «Жолаушылар тасымалы» АҚ белгілеген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ:
- 1-тармаққа сәйкес. «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 91-бабы: Талап арыз келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралады.
- «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 93-бабына сәйкес: Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талаптар, тасымалдаушы талапты қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартқан жағдайда, не талапты қарау мерзімі өткеннен кейін тасымалдаушыдан жауап алынбаған жағдайда қойылуы мүмкін. Жүктерді, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзімі бір жылды, жолаушыларды, багажды, жүк багажды тасымалдау шарты бойынша алты айды құрайды.